Өскемендік тәртіп сақшылары 4 жыл бойы іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді

467
көрілім

Қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері 4 жылдан бері бойтасалап жүрген жасырынған күдіктіні ұстау үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы полиция қызметкерлерімен бірігіп арнайы операция құрды, деп хабарлады Buqara.kz тілшісі.

Өскемен қаласында 2015 жылдың қазан айында 1972 жылғы әйел адамның мәйіті табылған болатын. Тергеу барысында әйел адамның мәйітінен зорлық-зомбылық сипатындағы бірнеше дене жарақаттары байқалған.
Тәртіп сақшылары тергеу барысында күдікті 48 жастағы қала тұрғыны екенін анықтады.  Қалмыстың мән-жайы толығымен анықталғаннан кейін 2016 жылдың ақпан айында Өскемен қалалық №2 соты күдіктіге қатысты «Тұтқындау» шарасын мақұлдады. Алайда күдікті ізін жасырып, 4 жыл бойы бойтасалап жүрген.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Өскемен қалалық полиция басқармасы Нұр-Сұлтан қаласындағы әріптестерімен бірге жедел алдын алу шарасын өткізіп, күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі уақытта ер адам уақытша тергеу изоляторына қамауға алынған.

Айта кетейік, 2019 жыл көлемінде криминалдық полиция іздеуде жүрген 335 қылмыскерді құрықтаған.