Зайсан-Ертіс өңіраралық балық шаруашылығы инспекциясының мамандары Өскемендегі заңсыздықты болдырмау мақсатында сауда нүктелеріні тексерді, деп хабарлайды Buqra.kz сайтының тілшісі.
Инспекторлар балықтың заңға сәйкес өлшемдері мен желілік торлардың сатылып жатқанын тексерді.
«Орталық», «Заречный», «Дос-Нар», «Достық», «Мызы» сауда орны, «Береке» көтерме сауда орындары, сонымен қатар балық аулау құралдарын сататын дүкендер тексерілді.
Берілген ақпаратқа сүйенсек, рейдтік іс-шаралар барысында әкімшілік заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ.