Өскемендік тұрғын баласы қайтыс болғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

377
көрілім

Түнгі уақытта әйел адам Крылов көшесінің маңайындағы көпірден Үлбі өзеніне секірген, – деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға мамырдың бесі күні болғанымен, полиция басқарамасының баспасөз қызметі ол туралы енді ғана хабарлап отыр.

Қала тұрғындары түнгі бірлер шамасында бір әйелдің көпірден секірмек болып тұрғанын байқап, дереу полиция қоңырау шалған.

– Асқар Құлжынов есімді қызметкеріміз оқиға орнына келіп, өзіне қол жұмсамақ болған жанды райынан қайтаруға тырысты. Алайда әлгі әйел оған құлақ аспай, суға секіріп кеткен. Абырой болғанда бәрі ойдағыдай аяқталды, – делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері 47 жастағы қала тұрғынының не себепті өзіне қол жұмсамақ болғандығын анықтады. Оның мұндай қадамға баруына баласының өлімі себеп болған екен.