Өскемендік тұрғын бұрынғы әйелінің көлігін ұрлап кеткен

398
көрілім

Қалалық полиция басқармасына қоңырау шалған әйел гаражынан «Дэу Матиз» көлігін біреудің айдап кеткендігін айтып, шағымданған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бейнебақылау камераларының көмегі арқылы күдікті бірден анықталды. Жедел-іздестіру шарасы барысында қолға түскен заңбұзушы жігіт әйелдің бұрынғы күйеуі болып шыққан.

Ұсталған сәтте мас күйінде рөлге отырған. Тергеу барысында ол сот шешімімен 2020 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

51 жастағы еркекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.