Алматы облысының тұрғыны шығысқазақстандыққа сайт арқылы жоқ қозғалтқышты сатып жіберген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
«Сузуки» маркалы көліктің қозғалтқышын сатып алмақ болған жігіт ғаламтордағы жалған хабарландыруға сеніп, тапсырыс берген. Сатушымен келіскен ол 250 мың теңгені аударған. Бірақ қажетті көліктің бөлшегін ала алмай, соңында тәртіп сақшыларына шағымдануға мәжбүр болды.
– Киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқты анықтады. 37 жастағы Қапшағай қаласының тұрғыны істегенін мойындаған. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.