Қаладағы сауда орталығының бірінде ер адам киім үтіктеуге арналған тақтаны алып кеткен. Ұрланған заттың бағасы 14 мың теңге, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 40 жастағы ер адам қолға түсірді. Оқиға 29 тамыз күні сағат 16.00-де болды.
– Анықталғандай еш жерде жұмыс істемейтін күдікті бұған дейін 30 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.