Өскемендік тұрғынды алматылық алаяқ алдап кеткен

539
көрілім
Шартты фотосурет

Жақында Өскемен қалалық Полиция басқармасы Солжағалау полиция бөліміне ер адам жүгініп, бейтаныс әйел 280 мыңнан астам ақшасын иемденіп кеткендігіне шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментіндегілер мәліметінше, 34 жастағы жергілікті тұрғын бейтаныс әйел 282 500 теңгесін иемденіп, оны төлем терминалы арқылы абоненттік нөміріне аударғанын жеткізген. Алаяқтың жәбірленушіге Алматыдан балалар ойыншықтарының партиясын жіберуге уәде бергені белгілі болды.

- Қылмыстық полиция қызметкерлері Алматы қаласының 40 жастағы тұрғынын ізін суытпай анықтап, күдікті тергеу әрекеттері барысында өз кінәсін мойындады. Қаражат жәбірленушіге сақталған қолхатпен қайтарылды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.