Марина есімді өскемендік турист Риддер маңындағы тасжолдан аюдың қонжығын көріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол маймақтың төлін көліктер дамылсыз зулап өтетін жолдан көзіктіргенін айтып, таңданысын жасырмады.
- Қонжықтың жасы шамамен 1,5-да. Біздің көлікке жол көрсеткендей, асфальт бойымен біраз жүріп, қорбаң етіп шөптің ішіне еніп кетті, - дейді ол.