Өскеменде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындарға 52 жаңа пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тұрғындарға Жаңа жыл қарсаңында қуаныш сыйлаған аймақ басшысы Даниал Ахметов пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтады.
– Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бүгінгі баспаналы болып жатқан жастар енді алаңсыз елге қызмет ете беріңіздер, - деп Даниал Ахметов өз тілегін білдірді.
Бұл сәтті көптен күткен пәтер иелерінің қуанышында шек жоқ. Қоныстанушылар жаңа баспананың табалдырығын шашу шашып аттап жатыр.
– Бүгін жылдар бойы сарыла күткен баспанамызға да қол жеткіздік. Жастарды қолдап, қуаттап келген облыс әкіміне алғысымыз шексіз. Сіздерге де Жаңа жылда жаңа баспана бұйырсын, - дейді Медетқанова Нәзира.