Өскемендік жігіт түнгі мезгілде ет ұрлаймын деп ұсталды

401
көрілім
Шартты сурет.

18 қазан күні тәртіп сақшыларына қоңырау шалған қала тұрғыны белгісіз біреудің мүлкіне қол сұққанын айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға түнгі уақытта орын алған. «ВАЗ 2106» көлігін заңсыз ашып алған ұры көлік салонындағы 170 келі сиыр етін алып кетті. Келтірілген шығын көлемі 270 000 теңгені құрады.

Күдіктінің ізіне түскен полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, оны қолға түсірді. Заңбұзушы 35 жастағы тұрғын болып шықты. Еш жерде жұмыс істемейтін ол ұрланған еттің тек жартысын ғана қайтарып берген.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.