Өскемендіктер қалалық әкімдіктен жылы аялдамалар санын көбейтуді сұрайды

356
көрілім

Қыраулы қыс бастала салысымен тұрғындар шенеуіктерден қаланың бірнеше аудандарына жылы аялдамалар орнатуларын сұрады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Инстаграм әлеуметтік желісінде жылы аялдама туралы жазбалар жарық көре бастады.

Қала тұрғындары қолқаны қабатын жағымсыз иістен аялдамалардың ішіне кіру мүмкін емес деп шағымданады.

Өткен жылы да нақ осы мәселе орын алған болатын. Кейін Полиция басқармасы бұл жағдайға: «Ешкімді шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайға байланысты кемсітуге болмайды. Егер баспанасыз адамның жеке куәлігі болса және ол ешқандай қылмыс жасамаған болса, полиция оны ұстауға және оның жылы аялдамада немесе басқа қоғамдық орындарда болуына тыйым салуға хақысы жоқ», - деп түсініктеме берген еді.

Сонымен қоса, өскемендіктердің пікірінше, қалада жылы аялдамалар жеткіліксіз. Мұндай жылы павильондарды Защита, Өзен вокзалы аймағына орнатуды сұрайды көпшілік.