Өскемендегі О.Бөкей атындағы қалалық кітапхананың кинозалында «Бес тиын» киносы көрсетілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Алтайдың кербұғысы атанған жазушының биылғы мерейтойы аясында өткен кино кешінде «Бес тиын» көркем фильмі көрсетілді. Режиссері - марқұм Рүстем Есдәулет. 2006 жылы жарық көрген бұл кинотуынды 2007 жылы «Шәкен жұлдыздары» кино-фестивалінде арнайы марапатқа ие болған еді.
Шараға киноның продюсері, жазушы Тоқтарбек Мағзұмов, фильм кейіпкерлерінің рөлін сомдаған актерлер, студенттер мен оқушылар қатысты. 1 сағатқа созылған кинода ауыл тіршілігі көрініс береді, мемлекеттің әр тиыны орынды жұмсалуы қажеттігі сөз етіледі. Арасында күлкілі сәттері, түсінген адамға ой салар тұстары көп.
«Басында Оралхан Бөкейдің бұл әңгімесі пьеса ретінде театрда сахналаған болатын. Көрермен өте жылы қабылдады. Содан кейін Рүстем Есдәулет «Неге кино қылып түсірмеске?» деп ой тастады. Кинода Оралхан Бөкейдің басқа шығармаларындағы кейіпкерлер де кездеседі. Себебі ол өз әңгімелерінде ауыл адамдарының өмірі жайлы көп қалам тербеген еді», - дейді Тұрсынбек Дүзбаев.
Осылайша, қалалық кітапхана кинозалдағы алғашқы кино көрсетілімді О.Бөкей әңгімесі желісіндегі фильмнен бастап отыр. Алда өскемендіктерге тәрбиелік мәні бар талай туындылар жол тартпақ.