Өскемендіктер өрт пен түтіннің иісіне шағымданды

397
көрілім

11 тамызда облыс орталығында қоқыс тастайтын жерден өрт шықты, - деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемендіктер дабыл қағып жатыр. Қаланың кей аудандарын түтін басты. Күйіктің иісі сезілді. Қалалық ТЖБ өкілі "Спецкоммунтранс" кәсіпорнының қоқыс үйіндісінде өрт шыққанын хабарлады. Оны сөндіруге 10 көлік жұмылды.

"Өрт сөндіру техникасы тауларда жиналған қоқыстың үстімен жүруге қиыналып жатыр", - деп атап өтті ТЖБ баспасөз қызметіндегілер. Өрт бүгін таңертең, 12 тамызда ауыздықталды. Өрттің жалпы аумағы - бір гектар.