Залдар барлық қажетті жаттығу құралдарымен жабдықталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Былтырдан бері қала әкімі Жақсылық Омардың бастамасымен қала тұрғындары үшін тегін жаттығу залдары көпшілік игілігіне берілді. Олардың мекенжайы: Лев Толстой, 26; Маяковский, 6 және Астана, 34 көшесі.
Үшеуі де сәрсенбіден жексенбіге дейін жұмыс істейді.
Нақты айтсақ:
Лев Толстой көшесі, 26 – 12:00-ден 20:00-ге дейін;
Астана көшесі, 34 – 13:00-ден 21:00-ге дейін;
Маяковский көшесі, 6 – 12:00-ден 20:00-ге дейін.