Өскемендіктер тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлымен кездесті

520
көрілім

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада қала тұрғындары тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлымен кездесті.
Тұрсынхан Зәкенұлы парсы, қытай, шағатай, өзбек, монғол тілдерін  жетік меңгерген. Жиналған жұртқа өзінің қытай тілінен аударған «Қазақтың жалпы тарихы»  атты  4 томдық  кітабы, 200-ге жуық ғылыми-зерттеу  еңбектері туралы айтып берді.  
Кездесуге келген қонақтар тарихшымен еркін сұхбат құрып, жылы лебіздерін арнады. Түркі тарихын тағдырына тұмар еткен ғалымның еңбегін оқырман қауым жоғары бағалады.
- «Көк бөрілердің көз жасы», «Мәңгітас», «Аттила. Балқан тауға барғандар» өзінің тарихи - көркем  шығармалары  туралы әңгімесін төгілткенде  бағзыдан жеткен «көк бөрі – бабаларымызды» көріп, дауысын естігендей әсер алдық, - дейді жиналғандар.


Шара барысында Өскемен қаласының мәдениет бөлімінің басшысы қонаққа құрмет көрсетіп, шапан жапты.
Жазушы қытай тілінен өзі аударған «Қазақтың жалпы тарихы» атты төрт томдық кітабын кітапханаға тарту етті. Тарихи тағылым тұнған жүздесу соңында көпшілік «Көк тудың желбірегені» әнін ерекше рухпен әуелете шырқады.