Өскемендіктер тегін пайдаланатын 14 дәретхана салынады

235
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Бұл гигиеналық-санитарлық нысандар тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді, ал тазалаушы бригада таңғы 7-ден 21-ге дейін тазалықты қадағалайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Қала әкімдігі көше дәретханалары мәселесін жүйелі түрде шеше бастады. Барлығы 14 санитарлық торап орнатылса да, олардың кейбіреулері жұмыс істемейді. Аталған дәретханаларды салуға тендер өткізілген.
- Қала тұрғындары үшін дәретханалар тегін қызмет көрсетеді. Тендерді жеңіп алған кәсіпкер ай сайын дәретхананың жағдайын қадағалап, жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет, - делінген қалалцық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ұсынған ақпаратта.
Бұл тақырыпта ең өзекті мәселенің бірі – жаз бойы адамдар жиналатын Аблакетка айлағында санитарлық топар орнату. Дәмханаға келушілер, демалушылар, туристер мереке кезінде я жолдан өткенде дәретхана таппай, бұрыш-бұрышты немесе бұталарды жағалап кетеді. Алайда жауапты бөлім ертең-ақ бұл мәселе шешіліп, дәретхана келушілерге тегін қызмет көрсетеді деп уәде берді.