Өскемендіктер Тәуелсіздік күнін атап өтті

370
көрілім

16 желтоқсан күні Өскемен қаласының тұрғындары Достық үйі ғимаратында Тәуелсіздік күнін атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында өткен салтанатты шараға ШҚО Қазақстан Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдардың өкілдері қатысты.

- Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл күн біртұтас ынтымақтастықтың, татулықтың, болашаққа деген сенімнің мерекесі. Осы уақытқа дейін бейбіт халқымыздың бағындырған белестері орасан зор. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің толағай табыстары да ерекше. Егеменді елімізді одан әрі гүлдендіру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға үлес қосу біздің ортақ міндетіміз! – дейді Жанна Асқарова.

Шараға жиналған қауым әр ұлттың өнерімен, мәдениетімен танысуға зор мүмкіндік алды. Дәлізде кітаптар мен суреттерден арнайы көрме де қойылған.

Сонымен қатар айтулы күні еңбегімен еленген азамаматтар Алғыс хаттармен марапатталды. Шара әр ұлт өкілдері мен кішкентай бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсеткен концерттік бағдарламамен жалғасты.