Өскемен қаласының тұрғындары әз Наурызды атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
22 наурызда қаладағы Республика алаңында сағат 10:00-да жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерт басталды. Сағат 12.00 шамасында танымал әнші Ұланғасыр Қами келіп, халықты билетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Бауырсақ пати» сайысы өтіп, «Үздік киіз үй» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Орталық алаңға жиналған жұрт қарасы көп болды. Олар үшін түрлі тауарлар ұсынылып, сауда-саттық қызыды. Әлбетте, наурыз көже, бауырсақ, құрт-ірімшік те болды.
Ал кешкі сағат 19:00-22:00 аралығында басқа да республикаға белгілі әншілер келіп, концерт қойды.