7 маусым күні «Дос-Нар» базары алаңында «Біздің таңдауымыз — денсаулық!» акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция 15:00 ден 17:00 ге дейін өтеді.
- Қала тұрғындары денсаулығын жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, педиатрлар тексереді, - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы. - Сондай ақ тегін негізде қан қысымын, бой, салмақ, қандағы холестерин және қант мөлшерін өлшетуге болады. Алаңда қозғалмалы флюрокөлік те қызмет етпек.
Шара қонақтарына концерттік нөмірлер, викториналық сұрақтар, лотереялар мен алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылады.