Облыс әкімдігінде өткен жиында жауапты тұлғалар тұрғындардың саяжай маусымына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Саяжайларға кез келген көлікпен шығуға тыйым салынады. Күндіз көлік қозғалыстарына шектеу қойылса, түнде мүлде тоқтайды (қызметтік көліктерді қоспағанда), – деді жиында. – Сенбі, жексенбі және мереке күндері өз көлігімен шығуға әрекет еткендерге де тыйым салынбақ.