Өскеменге екі ауданнан жәрмеңке келеді

339
көрілім

Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл жолы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Ұлан ауданының, ал «Дос-Нар» базарында Глубокое ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни ақпан айының 19-ы күні сағат 8:00-де басталады.