Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемендегі «Freshmarket» фермерлік гастрономы алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеге Күршім ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей қолжетімді бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни сәуір айының 17-і күні сағат 9:00-де басталады.
oskemenge_kurshim_audanynan_zhermenke_kele
61