Өскеменге жаңа 25 автобус жеткізілді

178
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Әкелінген қоғамдық көліктер дүйсенбіден бастап қолданысқа берілмек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, барлық автобус қалалық тасымалдаушыларға жеткізілді. Оның бесеуі – Семейде, қалған 20-сы Қарағандыда шығарылған. 
– Жаңа автобустар көлік кузовінің икемді қозғалуына арналған құрылғымен жабдықталып, мүгедектерге арналған механикалық пандус қойылған. Ал жүргізушілер үшін орындықта массаж функциясы бар. Сондай-ақ желдету жүйесі орнатылған.
Жалпы алғанда, қалалық автобус паркінің 80 пайызы жаңартылды, жыл аяғына дейін тағы 20 автобус пен 10 газель сатып алынуы тиіс, – делінген мәліметте.
2025 жылдың соңына дейін автопаркті толықтай жаңарту жоспарлануда. 
– Тұрғындар қоғамдық көлікте өздерін жайлы сезініп, діттеген жеріне уақтылы жетсе дейміз. Жаңа автобустар – қаламыздың дамуының басты көрсеткіші, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.