Қалалық автопарк су жаңа бес автобуспен толықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұны қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатындағы жалпықалалық бағдарлама аясында «Марат М» компаниясы сатып алды.
– Әр автобустың сыйымдылығы – 65 адам. Барлық көліктер мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қажетті құрылғылармен жабдықталған, – деді жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры Нұрсұлтан Кәрібеков.
Айта кететін жайт, биыл қала тұрғындарының тасмалы үшін тағы 55 жаңа автобус сатып алынады деп күтілуде.
oskemenge_zhana_avtobustar_zhetkizildi
59