Бұл туралы қалалық ІІБ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Белгісіз ер адамның өлі денесі Абай даңғылының бойынан табылған.
- 28 мамыр күні сағат түнгі он шамасында 102 нөміріне «Тамирлан» сауда үйінің алдында еш қимылсыз жатқан ер адам туралы хабар келіп түсті, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қалалық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ер адамның денесінде еш қандай жарақат жоқ. Жанында мүгедектерге арналған арба болған. Қазір осы іске байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның аты-жөні анықталуда.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.