Өскеменнен Новосібірге бет алған автобус жолдан шығып кетті

125
көрілім

Жол-көлік оқиғасы 8 қаңтарда Ресей аумағында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Топчихин және Алейский аудандарының шекарасында Өскеменнен Новосібірге шыққан автобус жолдан шығып кетті. Қоғамдық көлікте жолаушылар болмағандықтан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі.