Өскеменнің бірнеше білім ордасына мектеп медиациясы енгізілуде

416
көрілім

Мектептегі қақтығыстар — бұл өте күрделі тақырып. Сыныптар арасында туындаған түсініспеушілік көп жағдайда қантөгіс немесе қатігездікке әкеліп соғуы мүмкін. Сол себепті облыс орталығында осы мәселенің шешімін іздеп, балалар арасындағы дауларды өркениетті әдіспен шешуге үйретеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Қаладағы №30, 37 білім ордаларында мектеп медиациясын енгізу бойынша жоба пилоттық режимде жүзеге асырылуда,- дейді қалалық білім бөлім бастығының орынбасары міндетін атқарушы Юлия Овечкина. - Бұл жобаның мақсаты — оқушылар араларсында туындаған мәселені өзара дербес түрде шешу. Әрине, бұл тәрбиешілер мен әлеуметтік-психологтардың бақылауында болады. Жоба өткен жылдан бастап сынақтан өтікізілуде, бірақ нәтижесі туралы айтуға әлі ерте.

Медиацияны қолдану арқылы оқушылар арасындағы ішкі келіспеушіліктерді де, балалар мен ересектер арасындағы дауларды да шешуге болады. Жоба ұйымдастырушылары талдау барысында ұл балалардың арасында өзара келіспеушіліктер жиі орын алады және оны ересектермен бөліскісі келмейтінін атап өтті. Енді олар дауларды өзара бітігершілік жолмен шешу үшін қажетті дағдылармен қамтамасыз етіледі.