«Қазгидромет» ауадағы көміртегі оксидінің, күкірт диоксидінің, азот диоксидінің және күкірт сутегінің тым жоғары мөлшерін анықтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Еске сала кетсек, 11 тамыз күні Шмелев лог ауылына таяу жердегі қоқыс алаңы өртенген еді. 12 тамызда Экологиялық қауіпсіздік орталығы атмосферадағы фторлы сутегінің мөлшерден тыс көптігін айтқан.
Жақында «Қазгидромет» орталығы кейбір қала көшелерінде элементтердің шекті рұқсат етілген концентрациясы бірнеше есе ұлғайғанын хабарлады. Мысалы көміртек оксиді (1 рет), азот диоксиді (1,1 есе), күкірт диоксиді (1,4 есе) мөлшері артқанын тіркеді. Сол сияқты күкірт диоксиді барынша бір реттік ШЖК-дан 1,1-ден 3,7 есеге дейін, күкіртті сутегі 1 есе асып түсті. Мұнымен қоса азот диоксидінің де жоғары мөлшері белгіленген.