Өскеменнің қай аумақтарында абаттандыру жұмысы жалғасуда?

371
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл сұраққа қала әкімі Жақсылық Омар қалалық мәслихаттың XXVI сессиясы кезінде жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былтыр жоспарға енген бірнеше нысанда қазір жөндеу, абаттандыру жұмыстары жүруде. Соның бірі көпке белгілі Металлургтер саябағы.

– Бұл саябаққа келушілер легі бір сәтке де толастаған емес. Бұнымен қатар Славский жағалауымен жалғасып, Қабанбай батыр көшесіне дейін созылатын аралық бөлігі. Қалалықтар «Амфитеатр» деп атаған тұс. Қазір жұмысшылар қарбалас тірлік барысында. Согралықтардың қуанышына қарай, ол жақтағы Фасадная көшесінде сквер ашылмақ. Мұның барлығы биылдың жоспары, әрине. Республика алаңы мен 19 шағын ауданда тозығы жеткен тұстар қалыпқа келтіріп, жолдары жөнделуде, – деді Жақсылық Омар.

Қала әкімі Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақ ашылатын күн де жақын екенін айтты.