Өскеменнің кәсіпорындарының біріндегі күзетші қызметтесін байқаусыз атып алғаны үшін жазаланды

629
көрілім

Сотталушы Қылмыстық кодекстің денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО сотының баспасөз қызметінің ақпаратына сай, күзетші қызметін атқарған сотталушы ауысымды тапсыруға дайындалған. Әріптесі қызметтік қару-жарақтарды қабылдау-тапсыру журналын толтыру үшін сейфтан «Бекас-2» маркалы мылтықты алып беруді сұрайды. Алдыңғысы мылтықты алып, оны үстелдің үстіне қоймас бұрын қарудың нөмірін айтады. Осыдан кейін соталушы мылтықты қолына алып, оны құстап қарап тұрғанда абайсыздан мылтық басылып кеткен. Осының нәтижесінде, атылған оқ азаматтың аяғына тиіп, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Сот үкімі бойынша азамат О. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл көлемінде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.