Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері көшпелі QR кітап көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Жұмыстан қолдары көп босай бермейтін қалың оқырманның кітап оқуына мүмкіндік туғызу үшін, нөсер жаңбырға қарамастан Металлургтер мәдениет сарайының алдына көрме ашты.
Көрменің ерекшелігі оқырмандар қолдарындағы телефоннан сөредегі QR кодтарды сканерден өткізу арқылы кітаптарды оқи алады. Көрмеге Абай Құнанбайұлы мен балаларға арналған, әр түрлі тақырыптағы шетел жазушыларының да кітаптары қойылған.
- Жұмыстан кеш түсетіндіктен көп жағдайда кітапханаға баруға мұршамыз бола бермейді. Арасында осында келіп, отбасымызмен серуендеп қайтамыз. Мұнда балаларға арналған кітаптар көп екен, маған қатты ұнады. Енді кітапханаға жиі баратын боламыз, - дейді көрмеге келген қала тұрғыны.