Облыс орталығындағы Республика алаңында жөндеу жұмыстарына байланысты әнші фонтандар екі күнге өшіріледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өскемен қаласы әкімдігінің «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, бүгін және ертең, яғни 20 және 21 маусым күндері фонтан қосылмайды. Фонтандар жөндеу жұмыстарына байланысты өшіріледі.
– Қазіргі уақытта музыкалық жабдықтардың алдыңғы бөлігі жөнделіп жатыр. Жарық таратушы құрылғылар да жөнделеді, — деп хабарлайды Өскемен қаласының баспасөз қызметі.