Өскеменнің шет аймақтары орталықтандырылған ауызсумен қамтылмақ

365
көрілім

Облыс орталығында тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қолға алынуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімі Жақсылық Омардың сөзінше, 2020 жылға бекітілген жоспарда Ахмер кентін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету күн тәртібіне қойылды.

– Жұмысты 1 жыл ішінде аяқтамақпыз, – дейді ол. – Ал Красина кентіне келсек, бұл ауқымды жоба. 2019 жылы басталған жұмысты 2021 жылы аяқтауға тиіспіз. 1600 үйді ауызсумен қамту көп еңбекті қажет етеді. Одан бөлек, «Альшемали» сауда үйінің іргесіндегі 120 үйді қамтуымыз қажет. Кеңестік уақытта ол жерге су құбырын орнатпағандықтан, суды құдықтан алып пайдаланған. Топырағы қатты. Үйді ауызсу құбырына қосу үшін 70 мың теңгедей қаражат керек. Егер мүмкіндігі шектеулі жандар, аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылар болса, барынша көмектесуге тырысамыз.