Өскемендегі Лесхоз ауданының қоқыс үйінділеріндегі өрт мамырдың 28 күні сағат 23.00 басталған болатын. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау әлі де залалсыздандырылмаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Қазіргі уақытта жалпы өрт аумағы 0,5 гектарға жеткен. №1 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушілері арнайы техникамен бірге тілсіз жаумен тәулік бойы күресіп жатыр. Оларға көмек қолын созуға ШҚО ТЖД-ның орман техникасы, 2 фронталды тиеуіш, 3 бульдозер және 2 суарып жуатып машина жұмылдырылған. Алдын ала деректерге сүйенсек, өрттің шығу себебі – отты абайсыз пайдалану болуы мүмкін.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ