Өскемен-Новосибирск рейстері қайта іске қосылады

218
көрілім
Фото:foreign-resorts.ru сайтынан

«Qazaq Air» әуе компаниясы желтоқсаннан бастап ұшуды бастайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәскеуде Қазақстан Республикасының көлік министрі Марат Қаратаев РФ көлік министрі Виталий Савельевпен кездесті. Екі жақ әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады. Нәтижесінде, Qazaq Air әуе компаниясының Новосибирскке тұрақты жолаушылар рейсін қалпына келтіру туралы келісімге қол жеткізілді.
2023 жылдың желтоқсан айынан әуе компаниясы Астана-Новосибирск бағыты бойынша ұшақ аптасына бес рейске дейін және Өскемен-Новосибирск бағытында аптасына екі рейске дейін ұшады деп жоспарланып отыр.