Өскемен-Риддер бағытындағы тасжолдан шығып кеткен жүргізуші оқиға орнында көз жұмды

417
көрілім
Шартты фотосурет

Қайғылы жағдай шілде айының 30-ы күні түскі сағат 12:00 кезінде Глубокое ауданындағы жолдың 10-шы шақырымында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Toyota Crown мәшинесін тізгіндеп, Риддер жаққа бет алған 25 жастағы жігіт рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен.

Zakon.kz сайтының мәліметінше, алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті. Көліктегі екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-тармағына (Жол қозғалысы ережесін бұзу немесе абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі уақытта сот сараптамалары тағайындалған, соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданбақ.