Жол-көлік оқиғасы екі көліктің соқтығысу салдарынан орын алған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметі бойынша, Toyota Caldina көлігі мен UAZ Patriot көлігі мен соқтығысқан.
- Алдын ала мәліметтерге сүйенсек Toyota көлігінде жүргізуші ғана, ал UAZ Patriot көлігінде жүргізуші мен жолаушылар болған, - деп атап өтті Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Абырой болғанда, зардап шеккендер болған жоқ.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.