Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Жол апаты мамыр айының 29-ы күні болған. «Toyota» көлігінің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс арттырып, қарсы бағытқа шығып кеткен. «Audi» автокөлігімен соқтығысып, оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті, – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Зардап шеккендер бірден аудандық ауруханаға жеткізілді.