«Өскемен-Семей» тасжолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші жарақат алды

441
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыздың 9-ы күні сағат 17:00 шамасында аталған тасжолда екі жеңіл автокөлік соқтығысқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Семей бағытынан Toyota Corsa көлігімен келе жатқан жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы беттегі Toyota Land Cruser көлігімен соқтығысқан, – дейді ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер. – Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Corsa» маркалы көлігінің иесі тері жарақаты мен соққы алған. Артынша дереу Ұлан ауданының аумағындағы дәрігерлер тиісті көмек көрсетті.
Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Әкімшілік кодекстің 610-бабына сәйкес зардап шегушіге әкімшілік хаттама (жол қозғалысы ережесін бұзу, адам денсаулығына зардап келтіру, көлік құралдарына немесе басқа да заттарға зиян келтіру) толтырылды.