Жол-көлік оқиғасы сәуір айының 17-сі күні жолдың 6 шақырымында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– 34 жастағы «Toyota» маркалы көліктің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс арттыруынан ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
«Toyota» мәшинесін тізгіндеген жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК- нің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
oskemenshemonaiha_taszholynda_eki_kolik_so
59