«Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолы жабылды

332
көрілім

Қар көшкіні қауіпіне байланысты облыстық маңызы бар тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 28 қаңтар күні сағат 13.30-дан бастап қар көшкіні қауіпіне байланысты «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолын (Жоғарғы Таиынты ауылынан Самар ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін жабылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағында 27 қаңтардан 2 ақпанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар.