Осы аптада Өскеменде екі ауданның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

680
көрілім

3 маусым күні Өскемен қаласында Үржар мен Шемонаиха ауданының шаруа қожалықтары жәрмеңке өткізеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жәрмеңке әдеттегідей «Фреш маркет» гастрономында өткізіледі. Іргелі екі ауданның жәрмеңкесінің бір уақытта өткізілмек. Сауда таңертеңгі сағат 09:00-ден басталады. Екі ауданның шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы өнімдерін базардағыдан арзан бағаға ұсынбақ.