Алдағы сенбіде, яғни 13 мамыр күні облыс орталығында Катонқарағай ауданының шаруа қожалықтары кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сауда-саттық таңғы сағат 9.00-де «Freshmarket» фермерлік гастрономының (Сәтпаев даңғылында) алдында басталады. Шаруа қожалықтарының өкілдері сапалы, әрі арзан бағада ет, балық, май, сүт тағамдарын сату сөрелеріне қоймақ.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ