Алдағы сенбіде, яғни 20 мамыр күні Өскеменде Тарбағатай, Семейде Абай ауданының шаруа қожалықтары кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
20 мамыр күні Өскеменде Жарма ауданы, 27 мамыр күні Тарбағатай ауданы жәрмеңке өткізеді деп жоспарланған. Алайда біп аптадан кейін Тарбағатай ауданында Ырғызбай Досқанаұлын еске алуға арналған шараның өтетініне байланысты жәрмеңкелер легіне өзгерістер енгізілді. Осы себепті Өскеменде осы аптада Тарбағатай ауданының шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізетін болды. Сауда-саттық сағат 9.00-де «Freshmarket» фермерлік гастрономының (Сәтпаев даңғылында) алдында басталады.
Ал Семей қаласында жәрмеңке сағат 9.00-ден бастап Северный көшесіндегі «Северный» сауда орнында өткізіледі.Бұл жолы семейліктерге Абай ауданының шаруа қожалықтары арзан бағада өнімдерін ұсынбақ.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ