Қатонқарағай, Глубокое және Ұлан аудандары ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері үш күн қатарынан өткізіледі. Атап айтқанда:
28 желтоқсан (бейсенбі) Қатонқарағай ауданы;
29 желтоқсан (жұма) Глубокое ауданы;
30 желтоқсан (сенбі) Ұлан ауданы.
Аталған күндері аудан кәсіпкерлері халыққа жаңа сойылған мал етін, кондитерлік өнімдерді, шұжықтар мен қақталған балық өнімдерін ұсынады.
Өткізілетін орны мен уақыты: ТНП сауда үйі; (Қ.Сәтпаев даңғылы, 39 үй); 8:00-ден, 14:00-ге дейін.