Үстіміздегі аптаның сенбісінде, яғни 29 сәуір күні облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Облыс орталығында Көкпекті ауданының шаруа қожалықтары кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді. Бұл жолы қала тұрғындарына шаруалар өз өнімдерін арзан бағада саудалайтын болады. Сауда-саттық таңғы сағат 9.00-де «Freshmarket» фермерлік гастрономының (Сәтпаев даңғылында) алдында басталады. Шаруа қожалықтарының өкілдері сапалы, әрі арзан бағада ет, балық, май, сүт тағамдарын сату сөрелеріне қоймақ.
Азамат Темірбеков