Мұндай мәліметпен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасындағылар бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қаңтар айының 7-сі күні, яғни осы сенбіде Ұлан ауданынан жәрмеңке келеді деп жоспарланған. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасындағылар өңірдегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты жәрмеңкенің өткізілмеуін жөн санапты.
Қазгидромет мәліметіне сүйенсек, осы сенбіде аймақ көлемінде боран, көктайғақ күтіледі.