Отандық туристер үшін қандай елдерге саяхат жасау қауіпті екені айтылды

589
көрілім

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин туристер үшін қауіпті елдерді атады. Қазіргі таңда бұл мемлекеттерде адам өміріне қауіпті инфекциялар таралуда, деп хабарлайды газет тілшісі Informburo.kz сайтын сілтеме жасай отырып.

Мадагаскарда қазір оба ауруына қатысты қауіпті ахуал орын алып отыр екен. Бас санитар дәрігердің мәлімдеуінше, мұнда өкпе обасының мыңнан астам жағдайы тіркелген. 99%-да өлім-жітімге алып келеді. Мадагаскар бұл дерттің ошағы болса да, көрсеткіштер тым жоғары.

Екінші қауіпті мемлекет – Йемен. Мұнда маймыл шешегі таралып жатыр. Бұл дертке қарсы біздің елде екпе қазір егілмейтін көрінеді.

Сондай-ақ, Еуропаның тоғыз елінде аса қауіпті безгектің түрі — легионеллез тіркелген. Бірінші орында Испания мен Португалия. Аталған сырқат екі жақты пневмонияның ауыр түріне душар етеді, жүйке жүйесін, бүйректі зақымдап, ауыр асқынбалы түрде өтеді.

Көп жағдайда легионеллез қонақ үйлерде жұғады. Ауруды қоздырушы 40-60 градуста өте жақсы көбейеді, сондықтан біздің туристерге қонақ үй таңдау кезінде легионеллездің алдын алу шаралары жүргізілгені туралы сертификаттың бар-жоғын анықтап алулары қажет, – дейді Жандарбек Бекшин.