Бұл жайлы Өскемен қалалық мәслихат депутаты, ШҚО Онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
- Кезекті канвассинг кездесу өткіздім. Кездесудің бұл жолғы кейіпкері Шығыс Қазақстан облыстық «Отбасы банкі» филиалының директоры, керемет жан – Аққұлова Назигүл Төлешқызы. Әлбетте, әңгімеміз халықты баспанамен қамту, зейнетақы жинақтаушы қорынан шекті қаржыны алу турасында өрбіді. Бұл ретте, Назигүл Төлешқызы, Отбасы банктің ең алдымен әлеуметтік бағыттағы аса күрделі институт екендігін айтты. Яғни, әлеуметтік осал тұрғындарды ең алдымен баспанамен қамту бағытында айтарлықтай жұмыстар жасалған. Мысалы, тек ағымдағы жылы «Бақытты отбасы» аясында облыстың 259 толық емес, аз қамтылған және ерекше сұраныстары бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар баспаналы болып, қоныстойларын тойлапты. Зейнетақы қорындағы жинақ есепшотындағы қаржысын тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты да тақырыбына тоқтала кетті сөз барысында ол, - деп жазды Гүлмира Сағидуллина.
Назигуль Төлешқызының айтуынша, облыста бұл бағытта асқан дүрбелең жоқ, кейбіреулері банк бөлімшелеріне келіп депозит пен арнайы шоттар аштырып жатыр, кейбір салымшылар enpf-otbasy.kz платформасы арқылы да бұл жұмысты атқарып жатыр, деді
Тағы да тілге тиек болғаны — ол Отбасы банкінің алдағы жылы қазақстандықтар үшін дайындап отырған жаңа бағдарламалары туралы.
- Назигуль Төлешқызы аздап құлағдар етті. Мәселен, «Ұмай» әйелдер үшін арналған ипотекалық бағдарламасы. Кеңірек бұл туралы 2022 жылдың қаңтар айында хабарланатын болады деді кейіпкерім. Сайып келгенде, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында жазылған қазақстандықтардың тұрмыстарын жақсарту бойынша бағыттағы жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Оның ішінде тұрғын-үймен қамтамасыз ету басым бағытта. Қорыта келгенде, әр шаңырақта қашанда жақсылық пен береке, бақыт болсын! Қоныстойлар көп болсын!, - деді Гүлмира Сағидуллина.