Өтініш бергендер көп

772
көрілім

Семей қаласында жер үй салуға өтініш бергендердің саны 24 мыңнан асқан, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халықтың сұранысын қамту үшін қала әкімдігі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша шаһар іргесінен жер телімдерін бөліп, жер үйлер салмақшы. Бұл іс кезең-кезеңмен жүргізілмек. Бірінші кезең 2017-2021 жылдарды қамтып, кем дегенде 3395 адамның өтінішін қанағаттандыруды көздейді. Ол үшін Ұшақтар ауданынан 765 үй, Комсомол ауданынан 930 үй, Ақсай ауданынан 1700 үй салу жоспарланған.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ